Жарияланды: 2900

Үкімет Қазақстан президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" заң күші бар Жарлығына толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын мәжілістің қарауына тапсырды

Бүгін, 27-ақпанда Үкімет Қазақстан президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" заң күші бар Жарлығына толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын мәжілістің қарауына тапсырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

Заң жобасына қатысты үкіметтің түсініктемесіне жүгінсек, "сауда рыноктары арасында бәсекелестікті дамыту арқылы аса маңызды азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру заң жобасын жасаудағы басты мақсат болып табылады". Республика қалаларында әр түрлі меншік нысанындағы сауда рыноктары санының көп болуы сауда рыноктары арасында бәсекелесе алатын ортаны қамтамасыз ету үшін қажетті шарт болып табылады. Қолданыстағы заң күші бар Жарлық сауда қызметі саласында мемлекеттік кәсіпорындар құруды көздемейді. Осы орайда Жарлықтың 18-бабына оның әрекет ету саласын кеңейтуді көздейтін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы коммуналдық сауда рыноктарын құру туралы қосымша тармақша енгізу шешімнің қолайлы нұсқасы болып табылады. Заң жобасын дайындаушылардың пікірінше, мемлекетке нарықтық экономика шарттарын бұзбастан аса маңызды азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыруға әсер етуге, сауда рыноктарының сауда процесін ұйымдастырудың өркениетті нысандарына көшуіне ынталандыруға мүмкіндік береді. Осы және басқа да заң жобасының мақсат-мүддесі туралы мәжіліс депутаттары алдында баяндама жасау міндетін үкімет ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбековке жүктеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін