Үкімет Қазақстандағы ипотекалық несиелендіру жүйесін қолдауға бағытталған бағдарламаның жобасын жасады - Кәрім Мәсімов (толықтырылған нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет Қазақстандағы ипотекалық несиелендіру жүйесін қолдауға бағытталған бағдарламаның жобасын жасады - Кәрім Мәсімов (толықтырылған нұсқасы)

Үкімет Қазақстандағы ипотекалық несиелендіру жүйесін қолдауға бағытталған бағдарламаның жобасын жасады - Кәрім Мәсімов (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 18 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет Қазақстандағы ипотекалық несиелендіру жүйесін қолдауға бағытталған бағдарламаның жобасын жасады. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Қараша 2008
  • 597
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, ипотекалық несиелендіру жүйесін қолдауға бағытталған бағдарлама үкіметтің жалпы тұрақтандыру бағдарламасына қамтылады. «Біз ипотекалық несиелендіру бағдарламасын банктермен бірлесе жүзеге асырамыз, онсыз жасау мүмкін емес», — деді ол.

Өз кезегінде Қазақстанның құрылысшылары қауымдастығының төрағасы Айдын Рахымбаевтың мәлімдеуінше, ол басқаратын бірлестік осы бағдарламаның аясында «ипотека бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету тетігі жасалы деп үміттенеді». «Жылжымайтын мүлік нарығы ең құлдырау шегіне жеткен қазіргі сәтті пайдаланып, барлық компаниялар пәтерлерді өзіндік құнына сатып жатыр, біз үкімет ипотеканы қол жетімді пайыздық мөлшерлемемен ашады деп сенеміз, ол ақырғы несие алушы үшін 10%-дан аспайды деген үмітіміз бар», -деді А. Рахымбаев. Оның пікірінше, осындай жағдайда құрылыс компаниялары мен банктер қазір басталған нысандарды салып аяқтауға қажетті қаржыны табады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар