Үкімет саяжай алабтарын дамыту жөніндегі кешенді шараларды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет саяжай алабтарын дамыту жөніндегі кешенді шараларды қабылдады

Үкімет саяжай алабтарын дамыту жөніндегі кешенді шараларды қабылдады

Бүгін ҚР Үкіметі саяжай алабтарын дамыту жөніндегі кешенді шараларды қабылдады. Аталған құжатты Үкімет отырысыеда ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков таныстырды.

  • 29 Маусым 2011
  • 382
Фото - Caravan.kz

«Саяжай иелерінің сұраныстары айтарлықтай көп емес. Шешім қажет етілетін ең басты 4 мәселе бар. Олар: су, электр энергиясы, автобус қатынасы және қоғамдық тәртіп. Жалпы, аталған кешенді шаралар саяжай, бау-бақша және қосалқы шаруашылықтарды қолдау бойынша жүйелі іс-шараларды қамтитын әлеуметтік топтама ретінде ұсынылады», — деп атап өткен министр нақты атқарылатын шараларды рет-ретімен баяндап берді.

Оның атап өтуінше, бірінші кезекте барлық саяжайлар, бау-бақша және қосалқы шаруашылықтарға түгендеу жұмыстарын жүргізу қажет. Сондай-ақ әкімдіктер тұрғын-үй шаруашылық қызметтерінің саяжай алабтарын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін техникалық-экономикалық негіздемесін және жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуі керек. Осы құжаттардың негізінде әкімдіктер қажетті қаржы бөлуге міндетті.

«Сонымен қатар әкімдіктер саяжай және бау-бақша кооперативтерін дамытуға көмектесуі қажет. Бұл олардың дамуына қарқын береді», — деп атап өткен министрдің сөзіне қарағанда, бұл орайда саяжай кооперативтерін жеңілдікпен қаржыландыру үшін әрбір облысқа кемінде 50 миллион теңге сомасына Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қосымша каржыландыру қажет. Ал саяжай иелерінің арнайы техникалар сатып алуы үшін шағын несие түрінде әрбір облысқа 20 млн. теңгеден бөлу ұсынылып отыр.

Сонымен қатар кешенді шаралар электр энергиясының және судың тарифтерін төмендетуді де қарастырады.

Соңғы жаңалықтар