Үкімет Ұлттық қорға қаржы аударудың жаңа механизмін енгізуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет Ұлттық қорға қаржы аударудың жаңа механизмін енгізуді ұсынады

Үкімет Ұлттық қорға қаржы аударудың жаңа механизмін енгізуді ұсынады

Бюджеттік Кодекстің жобасында "Ұлттық қордың құрылуына негіз болатын барлық ресми трансферттерді тікелей республикалық бюджеттен аударуға негізделетін жаңа механизм енгізіледі",- деп мәлімдеді бүгін , 4-қыркүйекте өткен заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитеттің кеңейтілген мәжілісінде ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Наталья Коржова.

  • 4 Қыркүйек 2003
  • 482
Фото - Caravan.kz

Сонымен бірге, вице-министрдің айтуынша, заң жобасына сәйкес ресми трансферттер көлемін үш жылға белгілеу көзделіп отыр. Ондағы мақсат -бюджеттің кіріс бөлігі артығымен орындалған жағдайда аймақтың өз билігінде қалатындай мөлшердегі қаржымен мәслихатты 3 жылға қамтамасыз ету болмақ. «Соның нәтижесінде аймақтар жоспардан тыс табылған артық қаржыны білім беру немесе денсаулық сақтау сияқты салалардың сапалық деңгейін жақсартуға бағыттау туралы өз бетімен шешім қабылдау мүмкіндігіне ие болады»,- деді Н.Коржова. Оның айтуынша, бұл — бюджеттік қарым-қатынастар саласында елімізде бұрын-соңды қалыптаспаған үрдіс.

Заң жобасында сондай-ақ, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуына ішкі бақылау қоятын органдардың вертикальды жүйесін қалыптастыру қарастырылған.
Н.Коржованың айтуынша, Бюджеттік Кодекстің күшіне енуі нәтижесінде бюджеттік қарым-қатынастарды реттейтін нормалар бір тәртіпке келіп, қолданыстағы құқықтық-нормативтік актілер саны азаяды, қазір қолданыста жүрген бюджеттік заңнамадағы қарама-қайшылықтар мен қайталаулар жойылады. Сонымен бірге, бюджеттік процесске қатысушылардың құзырет шегі нақтыланып, бюджетаралық қарым-қатынастардың тұрлаулылығы қамтамасыз етіледі, бюджет қаржысын жұмсау тиімділігі мен нәтижесі артып, бақылау жүйесі дамиды.
Бюджеттік Кодекстің жобасын ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев басымдық берілген маңызды заңдар қатарына жатқызған болатын.

Соңғы жаңалықтар