Үкіметте мұнай өңдеу саласындағы ашықтық мәселесі жөнінде кеңес өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте мұнай өңдеу саласындағы ашықтық мәселесі жөнінде кеңес өтті

Үкіметте мұнай өңдеу саласындағы ашықтық мәселесі жөнінде кеңес өтті

АСТАНА. 12-шілде. Kazakhstan Today. Бүгін премьер-министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен елімізде мұнай өңдеу саласындағы ашықтық мәселесі жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

  • 12 Шiлде 2007
  • 389
Фото - Caravan.kz

Кеңес барысында мүдделі министрліктер мен ведомство басшылары, Әлемдік банк және «Мұнайдан түскен кіріс қоғамның бақылауында!» атты коалиция өкілдері Қазақстанда жұмыс істеп жатқан мұнай өңдеуші барлық компаниялардың қатысуымен таяу жылдарға арналған коалицияның жұмысы мен ашықтық бастамасын іске асыру мәселелерін талқылады.

Ұлттық кеңестегі коалиция өкілі Мәлік Исабеков : «осы кеңестің маңызы сол, тұңғыш рет министрлер кабинеті деңгейінде ашықтықтың берері ғана емес, ашықтық бастамасының тетіктерін әзірлеу жайы да қаралды», деді атап өтті.

Кеңестің қорытындысында үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қазақстанда ашықтық бастамасын одан әрі іске асыру жөнінде нақты тапсырма берді.

Мұнай өңдеуші компаниялар қызметінің ашықтық бастамасын 2002 жылы Ұлыбританияда Тони Блэр көтерген еді. Бастаманың басты мақсаты — «мемлекет мұнай өңдеуші компанияның қызметінен қанша қаржы табады» деген сауалға жауап табу болды.

Қазақстан бастамаға 2005 жылы қосылды. Көп ұзамай «Мұнай кірісі — қоғамның бақылауында!» коалициясы құрылды.

«Ашықтық бастамасын жүзеге асыру жөніндегі басты жетістіктің бірі — республикамызда ұлттық кеңестің құрылуы. Аталған органның құрамына үкіметтің өкілі ретінде Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, мұнай өңдеуші компаниялар және азаматтық қоғам өкілдері енген», деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті