Жарияланды: 13000

Украина азаматына тұрмысқа шыққан белгілі тележурналист өзінің қазіргі өмірі туралы айтты

Украина азаматына тұрмысқа шыққан белгілі тележурналист өзінің қазіргі өмірі туралы айтты

Танымал тележурналист Жанар Байсемізова Колесникова тұрмысқа шыққалы көп нәрсені ұғынғанын айтты. Сондай-ақ ол осы өмірі үшін жаратқанға алғыс айтып, елді ренжіткені болса кешірім сұрады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Өзінің өмірі мен дүниетанымын пәлсапалық оймен ұштастырған журналист фейсбуктегі жеке парақшасында былай деп жазба қалдырыпты:

"38. 8 шексіздік белгісі.

Армысың Шексіздік!

38-ді ең күшті, ең керемет статуспен қарсы алғызған Жаратушыға сан мадақ! Өткен жылдарым, жолдарым, қателіктерім, күнәларым, өкініштерім, сынақтарым - өмірлік тәжірибем. Солардың арқасында мен өзімді өзім тани бастадым. Өзімді дамыта бастадым. Рухани кемелдікке жетуге талпыныс жасадым. Құдайға шын мәнінде сыйына бастадым. Өлгеннен кейін емес, дәл қазір Жұмақта өмір сүруге болатынын түйсіне бастадым. Адамдарды сол қалпында, жақсылығымен, жамандығымен, адалдығымен, арамдығымен, шынайылығымен, екіжүзділігімен қабылдауды үйрене бастадым. Адамдарды, қоршаған ортаны,ұсақ-түйек дүниелерді айыптаудан, ғайбат сөйлеуден арыла бастадым. Қаншама жылдар бойы әбден ашыққан жанымды, рухымды азықтандыра бастадым. Мен енді қандай да бір ситуацияда неге? деп емес, не үшін? деген сұрақты өзіме қоятын болдым. Мен уақытымды өзгергісі, жаңарғысы келмейтін жандарға құртудың өзіме зияындық әкелетінін ұғындым.

Мен энергиямды қолыма қылыш ала салып шабысуға, күресуге, өз өзімді дәлелдеуге, қадірсіз нәрсені ұзақ езіп, мыжғылап отыруға жұмсаудың қайырсыз екенін түйсіндім. Мен егер өзімдікі болса, қандай да бір дүниенің өзімнен кетпейтінін, уақытында келетінін түйдім. Мен егер менің идеямды, жобамды, дүниемді біреу-міреу тартып алып, иемденіп кетсе, ол нәрселердің менікі емес екенін де түйдім. Мен ешкімнің маған тиесілі нәрсені ала алмайтынын білемін. Мен қай жердемін -сол жерде болуға тиісті екенімді, қазіргі жағдайым, өмірім, тұрмысым Алланың маған берер ең ғажап кезеңі екенін білемін. Мен көңіліңді қалдырған адамдарға деген өкпе-наздың, күйініштің өзіңе қайтып келетінін, Бәріміздің Кеңістіктегі бір клетка екенімізді білдім және өз клеткаларымызды жаншымауды, шірітпеуді, өлтірмеуді үйреніп келемін. Бұрыннан бостан босқа өлтірген клеткаларымнан, клеткалардан :)) кешірім сұрай отырып Бәріңізге Алғыс айтамын!

Мені 38 жыл бойы әр түрлі кесапаттан, кесірден, ауру-сырқаудан, жамандықтан сақтап келге, сақтау беретін Аллаға сансыз мадақ! Күйеуімнің, ата-анамның, бауырларымның, туған-туыстарымның, достарымың амандығы үшін Аллаға сансыз мадақ! Туған күнімді жаңа статуспен, жаңа фамилиямен, жаңа клеткамен қарсы алдырған Жаратушыға сан мадақ!"

Айта кетейік, Жанар Байсемізованың Украина азаматына тұрмысқа шыққаны туралы биыл наурыз айының аяғында хабарлаған болатынбыз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін