«Біздер үшін ұшақ жасау саласы бойынша ынтымақтастық жасау мәселесі аса өзекті болып отыр. Украина осы сала бойынша белсенді қарым-қатынастарға көшуге дайын екенін растайды «, — деді В. Ющенко.
Ол бүгін хабарлағанындай Украина жағы бүгін «АН-148 жеті ұшағын жеткізу жөнінде келісім шартын растады».
«Қазір біз осы келісім шартты осы жылдың үшінші тоқсанынан бастап мүмкіндігінше тез арада жүзеге асыру үшін барлық жағдайды жасап отырмыз», -деп жалғастырды ойын Украина президенті. «Қазақстан бұл машиналарды бағалағаннан кейін біздің қарым-қатынастарымыз одан әрі қарқындана түсетініне мен сенімдімін «, — деп есептейді В. Ющенко.
Сонымен қатар ол атап өткеніндей, «Украина елдер арасында әуе қатынастарын үдету мәселесін талқылауға дайын және ашық». «Бүгінде екі негізгі әуе компаниясы Киев- Астана- Алматы арасында рейстерді көбейту мәселесін қарастырып жатыр. Мұнда шешілмеген мәселелер әлі бар», -деп қорытындылады В. Ющенко.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті