Украинада мұнай қоймасына өрт қасақана қойылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинада мұнай қоймасына өрт қасақана қойылуы мүмкін

Украинада мұнай қоймасына өрт қасақана қойылуы мүмкін

Украинада алапат өрт! Киев түбіндегі мұнай сақтайтын қоймада жарылыс болып, соңы өртке ұласты. Қызыл жалынның күштілігі соншалық, оны сөндіруге арналған техникалардың өзі отқа оранған.

  • 10 Маусым 2015
  • 245
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, апат салдарынан бірнеше өрт сөндіруші қаза тапты. Олардың нақты саны әзірге беймәлім. Жалын қойманың 16 резервуарын шарпып үлгеріпті. Оның 8-нің сыйымдылығы 900 текше метр болса, қалған жартысыныкі 50 текше метр шамасында. Киев прокуратурасы бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Болжам бойынша, бұған мұнай өнімдерін сақтау тәртібінің бұзылуы себеп немесе от қасақана қойылуы мүмкін. Бір айта кетерлігі, өрт қаулаған аумақтан небәрі 50 метр жерде қару-жарақ қоймалары орналасқан екен.