Украинадан Қазақстанға бағыт алған көптеген жүк көлігі Беларусь пен Ресейдің шекарасынан өте алмай тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинадан Қазақстанға бағыт алған көптеген жүк көлігі Беларусь пен Ресейдің шекарасынан өте алмай тұр

Украинадан Қазақстанға бағыт алған көптеген жүк көлігі Беларусь пен Ресейдің шекарасынан өте алмай тұр

 

  • 5 Шiлде 2016
  • 426
Фото - Caravan.kz

Ресейдің Смоленск облысындағы өткізу бекетінде Украинадан жүк тиеп, Қазақстанға жол тартқан 50 шақты көлік тұрып қалған. Бұл туралы кәсіпкерлердің «Атамекен» ұлттық палатасына сілтеме жасай отырып, caravan.kz тілшісі хабарлайды.

Мәлімет бойынша, бұл машиналардың 10-ы біздің елдің тасымалдаушыларына тиесілі екен. Украинадан келе жатқан жүк көліктері ЕурАзия Экономикалық Одағының (ЕАЭО) шекарасынан 1 шілде болмай тұрып-ақ өтіп кеткен. Ал Ресей өз аумағы арқылы Украина тауарларының Қазақстанға жеткізілуіне осы айдың басынан ғана шектеу қойған еді. Дегенмен, олар «Красное» бекетіне 30 маусымда жетіп қойса да, Владимир Путиннің арнайы жарлығына ілігіп, ЕАЭО шекарасынан өткізілмей жатыр.  

Айта кетейік, Украинадан Қырғызстанға баратын жүк көліктерінің де Ресей арқылы жүруіне шектеу қойылған. Сондай-ақ, ресми Мәскеу эмбаргоға іліккен тауарлардың өз аумағы арқылы тасымалдануына толық тыйым салып отыр.


Соңғы жаңалықтар