Украинаның оңтүстік-шығысында белсенділер биліктің ультиматумынан бас тартуда - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинаның оңтүстік-шығысында белсенділер биліктің ультиматумынан бас тартуда

Украинаның оңтүстік-шығысында белсенділер биліктің ультиматумынан бас тартуда

Донецк және Луганск облыстарындағы Украинаның федералдандырылуын жақтаушылар Киевтің басшылығы қойған ультиматумның шарттарын қабылдағысы келмейді, деп мәлімдеді дүйсенбіде  Луганск облысы үйлестіруші кеңесінің мүшесі Алексей Чмуленко.

  • 14 Сәуiр 2014
  • 313
Фото - Caravan.kz


"Патриоттық рух басым болып отыр. Адамдар көптеп келіп жатыр", деді ол.

"Ресурс жетеді, оқ-дәрі бар.Су, тамақ бәрі бар. Әрине, психологиялық қысым сезіліп отыр, бірақ ешкімнің беріле салу ойында жоқ. Қайта Донецк пен Луганск облыстары арасында блок бекеттерден "жасыл дәліз" құрмақпыз, ондағы мақсатымыз —  біздің күштеріміз бен байқаушыларымызға аймақтар арасында бөгетсіз жылжуына жол ашу", — деді ол.