АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Дженифер Псаки осылай деп мәлімдеді.
«Украинаның шығысындағы аудандарда бас көтеріп жатқандардың ресейшіл сепаратистер екені белгілі. Олардың кейбіріне ақша төленіп отырғаны да белгілі және олар жергілікті тұрғындардан емес. Осының бәрі алаңдатпай қоймайды», — деді ол сейсенбідегі брифингте.
Дүйсенбі күні РФ СІМ арнайы мәлімдеме жасап, Ресейді негізсіз айыптауды тоқтатуды талап еткен болатын.