Жарияланды: 500

Үлкен Алматы айналмалы автомобиль жолымен жүру ақысы әзірге белгіленген жоқ

Үлкен Алматы айналмалы автомобиль жолымен (БАКАД) жол жүру ақылы болады, бірақ әзірге оның құны белгіленген жоқ, деп хабарлады республиканың көлік және коммуникация министрлігінің автожолдар комитеті төрағасының орынбасары Нұрланбек Өмірбаев.

"Концессионерлердің қаражатын тартуымыз себепті бұл жол ақылы болады. Оның сомасы өзін-өзін өтеуіне байланысты белгіленбек", деді ол Астанада бейсенбіде журналистерге. "БАКАД ұзындығы - 65,5 шақырым, жолы кей жерлерде 4 жолақтан, кей жерлерде 6 жолақтан тұрады. Біздің алдын-ала зерттеулерімізге қарағанда, жобаның құны 85 млрд теңге. Құрылысты 3 жыл ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз", деді ол Алдында көлік министрлігі БАКАД салу 667 млн доллар болады, деп бағалаған болатын. Жобаға орай, БАКАД Алматы облысының Қарасай, Іле, Талғар аудандары арқылы өтпек. Жобаны көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институты әзірлеген, онда 14 көпір, екі деңгейлі 8 жол айырымын, теміржол арқылы өтетін екі жол салу көзделген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін