Ұлттық банк 9 қазаннан бастап коммерциялық банктер үшін жаңа ең төменгі резервтік талаптарды енгізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық  банк  9 қазаннан бастап коммерциялық банктер үшін жаңа ең төменгі резервтік талаптарды енгізеді

Ұлттық банк 9 қазаннан бастап коммерциялық банктер үшін жаңа ең төменгі резервтік талаптарды енгізеді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 28 тамыз. АҚМОЛА облысы. Ұлттық банк 9 қазаннан бастап коммерциялық банктер үшін жаңа ең төменгі резервтік талаптарды енгізеді. Бұл туралы бүгін Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов журналистерге хабарлады.

  • 28 Тамыз 2007
  • 531
Фото - Caravan.kz



«9-қазаннан бастап біз ең төменгі резервтік талаптар бойынша өзгертілген ставканы енгізбекшіміз», -деді Ә.Сәйденов. «Нәтижесінде, біздің бағалауымызша, екінші деңгейлі банктерде қосымша 120 млрд теңгеге жуық қаржы пайда болмақ, оны банктер Ұлттық банкте ұстауға тиіс», — деді ол.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, «қазір қолданылып жүрген механизм мен қазіргі ставкалар сыртқы ортамен қарама-қайшылыққа түсті». «Сол себепті біз банктер тарапынан біздің талаптарымызды орындауды жеңілдету үшін есептеу базасын түзету және ставканы түзету жөнінде шешім қабылдадық», — деп түсіндірді ол.

«Банктердің өздерінің пайымдауынша, ең төменгі резервтік талаптарды жеңілдету оларға қосымша ресурстар беріп, сыртқы борыш-қарыздары бойынша есеп айырысуға мүмкіндік туғызады», — деді А. Сәйденов.