Ұлттық банк доллар бағамын өзгертті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк доллар бағамын өзгертті

Ұлттық банк доллар бағамын өзгертті

Жаңалықтарымызды бүгінгі күннің ең басты ақпаратынан бастаймыз. Елімізде доллар бірден бақандай 15 теңгеге құнсыздануы мүмкін. Бүгін Ұлттық банк төрағасы доллар бағамының төменгі шегін 170 теңгеге дейін түсіру туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.

  • 11 Қыркүйек 2014
  • 436
Фото - Caravan.kz


Қайрат Келімбетов, Ұлттық банк төрағасы:

Валюта бағамының дәлізі дәл бүгін өзгертілді. Ертеңнен бастап күшіне енеді. Яғни доллардың жоғарғы шегі 185 плюс/минус 3 теңге болса, ең төменгі шегі 185 плюс/минус 15 теңге. Одан басқа өзгеріс болмайды.  

Валюта дәлізін өзгерту туралы Келімбетов осыдан бір апта бұрын айтқан еді. Енді сөзінде тұрып, доллар бағамының ең төменгі шегін 170 теңгеге дейін түсіріп отыр. Бұған тамыз айындағы  алтын қорының күрт өсуі себеп екен. Ал бұл теңгені құлдыратпай ұстап тұруға мүмкіндік береді. Сондықтан АҚШ долларын төмендетуге шешім қабылданыпты. Сондай-ақ, бүгін бас банкир тағы «девальвация болады» деген әңгімені негізссіз деді. Бірақ теңгені құлдыртпай ұстау тұру мүмкін еместігін ашық мойындады. Өйткені бағам мұнай бағасына байланысты. Оның үстіне Ресеймен экономикамыз тығыз байланысты болғандықтан, рубльдің өзгеруі де  әсер етпей қоймайды. Санкцияға байланысты көрші елдің экономикасы шатқаяқтай бастағанымен, Келімбетов теңгені ұстап тұруға шамамыз жетеді деп отыр.