Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға көшетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға көшетін болды

Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға көшетін болды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық банкті Алматы қаласынан Нұр-Сұлтанға көшіру туралы жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

  • 16 Сәуiр 2020
  • 13
Фото - Caravan.kz

"Қазақстанның ұлттық банкіне 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұлттық банктің орталық аппаратын Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына көшіруді қамтамасыз ету тапсырылды", — делінген жарлықта.

Ұлттық банктің Алматыдан елордаға көшірілетіні туралы бұған дейін айтылған болатын.


Осы жылдың қаңтарынан Қазақстанның ұлттық банкі қайта құрылды. Банктен жаңа дербес құрылым — қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бөлініп шықты.

Ұлттық банк секілді агенттік те Қазақстан президентіне тікелей бағынып, есеп береді.

Ұлттық банктің бас кеңсесі Нұр-Сұлтан қаласына көшірілсе, ал агенттік Алматыда қалады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Қазақстанның орталық банкінің штатынан 500 адам ауысты.

 

Соңғы жаңалықтар