Ұлттық банк пен Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк пен Қаржы нарығы мен  қаржылық  ұйымдарды  реттеу және  қадағалау агенттігі төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды

Ұлттық банк пен Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 29-тамыз. АСТАНА. Ұлттық банк пен Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 29 Тамыз 2007
  • 514
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының өкімдерімен Ақышев Данияр Талғатұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары; Байсынов Мұрат Байсынұлы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Айманбетова Гүлбану Зарлыққызы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.