Ұлттық банк қазан айында қайта қаржыландыру ставкасын 8 процент деңгейінде сақтап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк қазан айында  қайта қаржыландыру ставкасын 8 процент деңгейінде сақтап қалды

Ұлттық банк қазан айында қайта қаржыландыру ставкасын 8 процент деңгейінде сақтап қалды

Инфляция деңгейінің арта түскеніне қарамастан, ҚР Ұлттық банкінің басқармасы заңнамаға сәйкес қазан айында қайта қаржыландыру ставкасын 8 процент деңгейінде сақтап қалуға шешім қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 4 Қазан 2005
  • 454
Фото - Caravan.kz

Кейінгі жылдары Ұлттық банк ресми қайта қаржыландыру ставкасын нақты бағамен алғанда жартылай оң көрсеткіште сақтап қалу саясатын ұстанып отыруға байланысты, қайта қаржыландыру ставкасын 8 процент деңгейінде сақтап қалу мүмкіндігі бар деп санайды.
2005-жылдың қаңтар- қыркүйек айларында Қазақстанда инфляция деңгейінің жылдық көрсеткіші арту ағымы байқалды. ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2005-жылдың қыркүйек айында инфляцияның жылдық көрсеткіші 7,9 процентті құрады. (Ал 2004-жылдың желтоқсан айында ол 6,7 процент болған.) Бұл — инфляцияның жылдық орташа деңгейі 7,4 процентке тең деген сөз. Демек, биылғы жылға арналған нақтыланған болжамнан бұл 5,2-6,9%-ке артық.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті