Ұлттық банк РБК банкіне қатысты мәселені айдың аяғына дейін қарайтын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк РБК банкіне қатысты мәселені айдың аяғына дейін қарайтын болады

Ұлттық банк РБК банкіне қатысты мәселені айдың аяғына дейін қарайтын болады

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов Парламент Сенатының отырысында РБК банкіне қатысты туындап жатқан мәселе турасында пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

  • 26 Қазан 2017
  • 300
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі уақытта біз РБК-дағы өзекті мәселені білеміз. Ұлттық банк бүгінгі күні аталған банктің акционеріне жағдайды ретке келтіріп, міндеттемелерді орындау бағытында нақты тапсырмалар берді», — дейді Алпысбай Ахметов.

Оның айтуынша, Ұлттық банк бұл мәселені жіті біліп отыр. Алайда оның шешімі табу реті әлі де келіссөз сатысында.

«Қазіргі уақытта ірі несие берушілермен жұмыс атқарып жатырмыз. РБК клиенттерінде қиындық туып жатқанынан хабардармыз. Күні кеше ғана теледидардан студенттердің шәкіртақысын ала алмай жүргені туралы көрсетті. Осы айдың соңына дейін біз мәселені қарайтын боламыз. Аталған банк қазіргі уақытта банктердің жұмысын реттеу бағдарламасы бойынша көмек беру туралы өтініш беріп отыр. Банктердің реттеу бағдарламасы барлық банктерге оңды-солды ақша бере беруге болады дегенді білдірмейді», — дейді ол.  

Сонымен бірге, Ахметов Ұлттық банк РБК банкіне көмек бере ме, жоқ па  ол шаруа әлі шешілмегенін жеткізді.


«Олар (РБК — авт) өздерінің бизнес-модельдерін ұсынуы тиіс. Ал шешімді жалғыз Ұлттық банктің төрағасы ғана емес, басқарма қабылдайтын болады. Ол басқарманың құрамына вице-премьер Досаев, Президенттің көмекшісі Смайылов және қаржы министрі кіреді. Аталған мәселе басқармада қаралатын болады», — дейді Алпысбай Ахметов.  

 

Соңғы жаңалықтар