Ұлттық банк ресми қайта қаржыландыру ставкасын 1-сәуірден бастап жылдық 11,0% деңгейінде сақтап қалуға қаулы шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк ресми қайта қаржыландыру ставкасын 1-сәуірден бастап жылдық 11,0% деңгейінде сақтап қалуға қаулы шығарды

Ұлттық банк ресми қайта қаржыландыру ставкасын 1-сәуірден бастап жылдық 11,0% деңгейінде сақтап қалуға қаулы шығарды

Алматы. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ресми қайта қаржыландыру ставкасын 2008 жылдың 1-сәуірінен бастап жылдық 11,0% деңгейінде сақтап қалуға қаулы шығарды, деп хабарлайды агенттік Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 1 Сәуiр 2008
  • 548
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқармасы 2008 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасын бұрынғы деңгейін сақтай отырып, жылдық 11,0% деңгейінде белгілеуге қаулы шығарды.

Ресми қайта қаржыландыру ставкасы соңғы рет 2007 жылғы 1 желтоқсаннан бастап көтерілген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті