Ұлттық банк тағы бір ескі банкноттарды қабылдау тоқтатылатынын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк тағы бір ескі банкноттарды қабылдау тоқтатылатынын мәлімдеді

Ұлттық банк тағы бір ескі банкноттарды қабылдау тоқтатылатынын мәлімдеді

Қазақстанда номиналы 1000 теңгелік ескі банкноттарды қабылдау тоқтатылады.

  • 10 Ақпан 2021
  • 123
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Ұлттық банкі 2021 жылы 3 наурызда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады.

"2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау 2017 жылдың 2 наурызында басталды, енді ол 2021 жылдың 3 наурызына дейін жалғасады. Көрсетілген мерзімнен кейін Ұлттық Банктің филиалдары аталған банкноттарды қабылдау мен айырбастауды тоқтатады", — деді ведомствода.

Банкноттарды қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық Банктің филиалдарында жүзеге асырылады. Филиалдардың мекен-жайы мен байланыс телефондары Ұлттық Банктің сайтында көрсетілген.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Ұлттық Банктің 1477 нөмірі бойынша байланыс-орталығына хабарласуға болады.


Еске сала кетейік, 1 ақпаннан бастап Ұлттық банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатты.