«2015 оқу жылынан бастап біз мектептерде жаңа стандартты енгіземіз. Содан орта білім беру жүйесін жаңарту жұмысы басталады», — деді А.Сәрінжіпов. Министр атап көрсеткендей, орта білім беруді жаңарту жұмысымен қатар ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі де біртіндеп жетілдіріледі. Ал арнайы бағалау жүйесі атқарылған жұмыстың деңгейін көрсетпек.