Ұлттық пантеонда кімдер жерленетіні белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық пантеонда кімдер жерленетіні белгілі болды

Ұлттық пантеонда кімдер жерленетіні белгілі болды

Ұлттық пантеонда кімдер жерленетіні белгілі болды. Үкімет қаулысымен Ұлттық пантеон туралы ереже бекітілді.

  • 1 Маусым 2017
  • 342
Фото - Caravan.kz

Құжатқа сәйкес, Ұлттық пантеон — мемлекеттің, ғылымның, мәдениеттің аса көрнекті қайраткерлерінің, сондай-ақ Қазақстанның дамуына үлес қосқан тұлғалардың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында негізі қаланған, мемориалдық маңызы бар сәулет объектісі болып табылатын қайтыс (қаза) болған тұлғаларды жерлеуге арналған орын.

Пантеон астананың жергілікті атқарушы органының қарамағында, Астана қаласының аумағында орналасқан.

Пантеон аумағында жерлеуге қайтыс (қаза) болған мынадай тұлғалар жатады:  

Қазақстан Республикасының президенттері және олардың отбасыларының мүшелері;  

Қазақстан Республикасының премьер-министрлері және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағалары және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшылары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағалары;  

Министрлер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері;

"Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған тұлғалар;

"Алтын қыран", "Отан", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев", үш дәрежелі "Еңбек Даңқы" ордендерімен марапатталған азаматтар;


"Кеңес Одағының Батыры", "Социалистік Еңбек Ері" атақтарына ие болған азаматтар;

"Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған азаматтар;  

Қазақстан Республикасы Президентінің ерекше шешімі бойынша басқа да азаматтар;  

Пантеонда жерлеуге жататын тұлғалармен олардың кейін қайтыс болған жұбайлары жерленуі мүмкін.  

Айта кетерлігі, қайтыс (қаза) болған тұлғаларды жерлеуді ұйымдастыруды қайтыс (қаза) болған адамның жұбайының, жақын туысқандарының не заңды өкілінің бастамасымен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.

Жерлеу туралы шешім қабылдау кезінде қайтыс (қаза) болғанның еркі немесе жұбайының, жақын туыстарының не қайтыс (қаза) болғанның заңды өкілінің тілегі ескеріледі. Пантеонда құлпытас құрылыстарын орнату және безендіру бірыңғай нысанда орындалады. Өз еркімен жерлеу, жанұялық (рулық) зират құру және қайта жерлеу Пантеонда жүргізілмейді.

 

Соңғы жаңалықтар