Ұлттық қауіпсіздік жоспарына шұғыл түзету енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық қауіпсіздік жоспарына шұғыл түзету енгізіледі

Ұлттық қауіпсіздік жоспарына шұғыл түзету енгізіледі

Ақорда - ұлттық қауіпсіздікке қатысты жоспарына шұғыл түзету енгізуге мәжбүр. Өйткені әлемдік саясат күніге қырық құбылып тұр. Осылай деп мәлімдеме жасаған Елбасы бүгін қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді.

  • 25 Қыркүйек 2013
  • 305
Фото - Caravan.kz

Ұлттық қауіпсіздікке қатысты құпия мәліметтер айтылатындықтан, отырыстың негізгі бөлігі жабық есік жағдайында өтті. Кеңеске күш құрылымдарының барлық жетекшілері, премьер-министр, қос палатаның спикерлері мен осы салаға жауапты шенеуніктер түгел шақыртылған. Қазақстан әлемнің бір бөлігі болғандықтан, ондағы өзгерістен тыс қала алмайды. Сондықтан жаһандағы гео-саяси жағдайдың шиеленісуі, Сириядағы қақтығыс, терроризмнің белең алуы, экономикалық тұрақсыздық пен  әлеуметтік кикілжіңдер ресми Астананың жоспарына өзгеріс енгізуге мәжбүрлеп отыр.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті

— Геосаяси өзгерістерге байланысты еліміздің дамуы, екіншісі ұлттық қауіпсіздігіміздің жүйесін жаңғырту мәселелері екеуі де бір-бірімен байланысты . Өзгеріп жатқан дүниенің ішінде Қазақстан өз орнын тауып, өз қауіпсіздігін сақтауы үшін алдын-алу шараларын жүргізуі керек.