Ұлттық қор қаржысы тиімді отандық жобаларға салынатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық қор қаржысы тиімді отандық жобаларға салынатын болады

Ұлттық қор қаржысы тиімді отандық жобаларға салынатын болады

Ұлттық қор қаржысы тиімді отандық жобаларға салынатын болады.

  • 1 Ақпан 2012
  • 351
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Хабар» агенттігіне сұхбат берген ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, бүгінде еліміздің Ұлттық қорының қаржысы шетелдік активтердің сенімділігіне орай соларға салынуда, дегенмен мол қаржыны қажет ететін отандық жобалар да жетерлік.

«Бірақ, ішкі активтерді инвестициялау Бюджет кодексінде қарастырылған қайтарымдылығы, өтімділігі, тетіктің пайдалылығы сынды барлық ұстанымдарды сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс-ті. Басқаша айтқанда, Ұлттық қор қаржысымен инвестицияланатын қаржы инструменттері қандай да бір тұрғыда қазіргі таңда инвестицияланып отырған шетелдік қаржы инструменттері сияқты тиімді болатындай тұжырымдамалық шешімдер әзірлеу қажет», — деді ол.