Ұлттық ұланның әскерилері ардагерді Жеңіс күнімен құттықтап барды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық ұланның әскерилері ардагерді Жеңіс күнімен құттықтап барды

Ұлттық ұланның әскерилері ардагерді Жеңіс күнімен құттықтап барды

 

  • 9 Мамыр 2020
  • 24
Фото - Caravan.kz


Осыдан 76 жыл бұрын Алматы облысының тұрғыны Фёдор Ковалёв майданға аттанған, деп хабарлайды Caravan.kz порталы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Сол кезде ол небәрі 17 жаста еді. Бір жылдан кейін соғыс аяқталады. Бірақ Фёдор Ковалёв Қиыр Шығысқа, Жапонияға қарсы соғысқа жіберіледі. Взвод командирінің орынбасары болып талай бомбадан аман қалады. Оның ержүрек мінезі қатардағы жауынгерлерге үлгі болады. Үйіне 1951 жылдың маусым айында бірақ оралады. Содан кейін комбайыншы, темір ұстасы, дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. Бүгінде ол үш ұл өсіріп, жиырмаға жуық немере-шөбересін тәрбиелеп отыр. Ұлттық ұланның әскерилері ардагерді Жеңіс күнімен құттықтап барды. Әскерилер Фёдор Ковалёвке Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының құттықтау хаты мен мерекелік сый-сияпатын жеткізді. Осы категория бойынша: « Қазақстанда тағы 58 адам коронавирустан жазылып шықты Қостанайлық майдангерлер жазған хаттардың электронды нұсқалары қолжетімді »

 

Соңғы жаңалықтар