Жарияланды: 320

Ұлыбритания соты М.Әблязовтың апелляциялық шағымын канағаттандырмады

Ұлыбритания соты Мұхтар Әблязовтың апелляциялық шағымын канағаттандырмай тастады. Өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарған «БТА» Банкінің бұрынғы төрағасы Лондонның Жоғарғы сотына шағым түсірген болатын. Алайда, бүгін апелляциялық сот алдыңғы үкімді күшінде қалдырды.

Оған сәйкес, біріншіден Әблязов ағылшын сотына құрмет көрсетпегені, яғни сот отырыстарына қатыспағаны үшін 22 ай абақтыға тоғытылуы тиіс. Екіншіден, құқық қорғау органдарына өз активтері туралы барлық ақпаратымен бөлісуі керек. Бірақ экс-банкир тықырдың таянғанын біліп, Ұлыбританиядан ақпан айында із суытқан болатын. Содан бері қашқын олигархтың қайда бой тасалап жүргені белгісіз. Естеріңізге салсақ, Әблязовқа қатысты біздің елде қылмыстық іс 2009 жылы қозғалған. Оған «БТА» банкі салымшыларының 6 млрд. долларға жуық қаражатын жымқырды» деген айып тағылған еді.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін