BBC хабарлауынша, бірқатар елдер құс және шошқа тымауынан сақтанып "Тамифлю" препаратының қорын құрған. Лондон бұл мақсат үшін 473 млн фунт стерлинг (750 млн доллардан артық) жұмсаған.
Алайда ғалымдар бұл препараттың тымауға қарсы белгілермен күресуде тиімді екендігіне еш дәлел жоқ, дейді.
Препаратты шығарған Roche (Швейцария) компаниясы британдық ғалымдардың қорытындысымен мүлдем келіспейтіндіктерін мәлімдеуде.
Бейсенбіде Daily Telegraph мәлімдегендей, халықаралық коммерциялық емес Cochrane Collaboration ұйымы "Тамифлю" тымауды емдеуге пайдасыз ғана емес, денсаулыққа зиянды, деп таныды.
"Бұл улы препарат.Ол бас ауруын, бүйрек ауруларын, жүйке ауруларын қоздыра түседі, 150 адамқа қарағанда бірінің жағдайы одан нашарлады", деді Cochrane Collaboration дәрігер -эпидемиологы Том Джефферсон.
2009 жылы "Тамифлю" Ұлыбританияның 240 мың тұрғынына берілген. Бас ауруы мен бүйрек ауруын асқындырумен қатар пациенттерде жүрек айну, құсу, депрессия байқалған. Жапонияда препаратты ішкен соң сегіз бала өзіне қол салған, деп атап өтеді Daily Telegraph.