Ұлыбританияның "Education Digital" компаниясы Қазақстанға оқу телеарнасын ашуға қолдау көрсетпек - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлыбританияның "Education Digital" компаниясы Қазақстанға оқу телеарнасын ашуға қолдау көрсетпек

Ұлыбританияның "Education Digital" компаниясы Қазақстанға оқу телеарнасын ашуға қолдау көрсетпек

Астана. 14 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Білім және ғылым, Мәдениет және ақпарат министрліктері, сондай-ақ, "Education Digital" ағылшын компаниясы кеше оқу телеарнасын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 14 Наурыз 2008
  • 474
Фото - Caravan.kz

Келісімге қол қою рәсімі аяқталған соң ҚР білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Қазақстанның оқу телеарнасын құру аясында үшжақты ынтымақтастықтың маңызды екендігін атап көрсетті. «Ақпан айында оқу телебағдарламасының тұсаукесерін өткізгенбіз. Қазір біз дербес оқу тееарнасын ашуды жоспарлап отырмыз. Біздің бұл ынтымақтастығымыз іске асады деп ойлаймын», — деді ол.

Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Аяған Сандыбайдың айтуынша, «Education Digital» компаниясы тарапынан болатын қолдау білім беру арнасын құру бойынша тәжірибе беруге, сондай-ақ Қазақстан жағына әдістемелік материалдарды беруге саяды. «Бізге жергілікті жағдайға икемделетін және қазақ, орыс тілдеріне аударылатын бейнематериалдар, бейнесабақтар табыс етіледі», — деді ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, республикада қазіргі уақытта білім беру, оқу телеарнасын дамыту бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Қаңтар айында ел аумағында білім беру бағдарламаларының телевизиялық таратылуын қамтамасыз ету үшін Білім және ғылым, Мәдениет және ақпарат министрліктері мен республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған еді. Білім беру бағдарламалары «Қазақстан» телеарнасынан аптасына бір рет көрсетіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті