Ұлыбританияның парламенттік өкілдері Батыс Қазақстан облысында жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлыбританияның парламенттік өкілдері Батыс Қазақстан облысында жүр

Ұлыбританияның парламенттік өкілдері Батыс Қазақстан облысында жүр

Ұлыбританияның парламенттік өкілдері ресми сапармен Батыс Қазақстан облысында жүр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Қараша 2003
  • 383
Фото - Caravan.kz

Өкілдерді қауымдар палатасының депутаты Джон Манн басқарады.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесуде парламентаралық және аймақаралық байланыстарды дамыту мәселесі талқыланып, қоғамдық-саяси өмірде жергілікті өкілетті органдардың атқаратын ролі туралы пікір алмасылды.
Д.Манның айтуынша, Қазақстан мен Ұлыбритания арасында тек парламентаралық қана емес, аймақтық деңгейлерде де қарым-қатынас аясын кеңейту қажет.
Ұлыбританияның парламенттік өкілдері Қарашығанақ кенішінде болып, өңдеу кешенінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, олар облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттарымен кездесті.
Бүгін, 7-қарашада Ұлыбританиялық парламентшілер Қазақстан-Ұлыбритания парламентаралық тобының Астанада өтетін кезекті отырысына қатысып, мәжіліс және сенат жетекшілерімен, ҚР үкімет басшысымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар
Қазақстанға мақта керек пе?
Жаңалықтар 21 Маусым