«Үміт» тілдер гимназиясының шәкірті Сымбат Самат 125 балл жинады - БҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Үміт» тілдер гимназиясының шәкірті Сымбат Самат 125 балл жинады - БҚО

«Үміт» тілдер гимназиясының шәкірті Сымбат Самат 125 балл жинады - БҚО

Теректі ауданы Подстепный ауылындағы «Үміт» тілдер гимназиясының түлегі Сымбат Самат 125 балл жинады. 

  • 5 Маусым 2015
  • 1269
Фото - Caravan.kz


Гимназия директоры Дариға Мұштанованың хабарлағанындай, Сымбат Қуанышқызы Жәнібек ауданының Тау ауылынан, қарапайым отбасыдан, үш баланың кенжесі, гимназияда 7-сыныптан бері оқыған. Негізгі пәні — ағылшын тілі. Ол «Алтын  белгісін» де қорғап шықты. 
Гимназияны биыл 29 оқушы бітірсе, соның 17-сі «Алтын белгіге», 6-сы үздікаттестатқа лайық болды. Орташа балл — 117,8. Шәкірттердің ең төменгі балы да жоғары — 107. Апелляция қорытындысына сәйкес бұл нәтижелер өзгеруі мүмкін. 
Сөйтіп гимназия түлектері биыл да ұстаздары мен ата-аналарының үмітін ақтап, жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр.