Үндістан ядролық жарылғыш зат алып жүруге қабілетті баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістан ядролық жарылғыш зат алып жүруге қабілетті баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді

Үндістан ядролық жарылғыш зат алып жүруге қабілетті баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді

Үндістан дүйсенбіде ядролық жарылғыш зат алып жүруге қабілетті орташа қашықтықтағы Agni-IV баллистикалық зымыранын сынақтан ойдағыдай өткізді, деп хабарлады Қорғаныс зерттеулері және әзірлемелері ұйымынан.

  • 20 Қаңтар 2014
  • 304
Фото - Caravan.kz

4 мың шақырым жерге әсер ете алатын зымыран Бенгаль шығанағындағы Уиллер аралындағы полигоннан жіберілген.

"Сынақ 100 пайыз сәтті өтті", деді аталмыш ұйымның директоры М.Прасад. "Алға қойылған міндеттер түгелдей орындалды".

Қатты отынмен жұмыс істейтін екі сатылы Agni-Iv зымыранының салмағы 17 тонна, ұзындығы 20 метр.