Жарияланды: 410

Үндістанда автобус құзға құлап, 37 адам көз жұмды

Үндістанның шығысындағы Ассам штатында тойға бара жатқан автобус құзға құлап, 37 адам көз жұмды. Оның ішінде күйеу жігіт те бар. Тағы алты адам жарақат алған.

Дүйсенбі күні кешқұрым күйеу жігіт пен оның туыстары қалыңдықтың үйіне бара жатқан. Автобуста 43 адам болды, деп хабарлайды полицейлер. Гувахати қаласынан шыққан автобус бір-екі сағаттан кейін қыздың ұзату тойына қатысуы тиіс болған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші ымырт түскен шақта жолдағы белгіні байқамай қалған болуы керек. Салдарынан автобус қауіпті бұрылыс кезінде қоршауы жоқ ағаш көпірден құзға құлап кеткен. Құтқару жұмыстары таңға дейін жалғасты, аман қалғандар ауруханаға жеткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть