Үндістанда Қазақстан -Үндістан іскерлік кеңесінің кезекті отырысы болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанда Қазақстан -Үндістан іскерлік кеңесінің кезекті отырысы болып өтті

Үндістанда Қазақстан -Үндістан іскерлік кеңесінің кезекті отырысы болып өтті

Үндістан сауда-өнеркәсіптік палаталары Федерациясының шақыруымен Қазақстан Республикасы сауда-өнеркәсіптік палаталары Одағының өкілдері Үндістанға барды. Өкілдер құрамында бірқатар қазақстандық компаниялардың жетекшілері бар. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Ақпан 2004
  • 531
Фото - Caravan.kz

ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, 24-ақпанда Қазақстан -Үндістан іскерлік кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық ахуалы мен оны дамыту жолдары талқыланды. Мәжіліске Үндістанның бірқатар ірі сауда-өнеркәсіптік және қаржылық компанияларының басшылары, Үндістандағы Қазақстан елшілігі мен Үндістандық БАҚ-тардың өкілдері қатысты. Мәжілісте ҚР сауда-өнеркәсіптік палаталары Одағының сыртқы экономикалық байланыстар департаментінің директоры Т.Жданова «Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы » тақырыбында баяндама жасады.

Бұл кездесу екі елдің іскертоп өкілдерінің екі жақты экономикалық байланыстарды тереңдетуге деген қызығушылығын арта түскенін көрсетіп берді.
Сапар барысында еліміз өкілдерінің Үндістан өнеркәсіп конфедерациясы, «Үндістан-ТМД» сауда-өнеркәсіптік палатасы, Үндістан сауда-өнеркәсіптік палаталары қауымдастығы мен Үндістанның экспорттық ұйымдар федерациясы мүшелерімен кездесулері жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар