Үндістанда жабайы пілдер адамға шапты! - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанда жабайы пілдер адамға шапты!

Үндістанда жабайы пілдер адамға шапты!

Үндістанда  пілдер адамдарға шапты. Оқиға Карнатака штатының Майсұр қаласында орын алды. Құтырған пілдер бір тұрғынды  жаншып өлтіріп, тағы бірнешеуін ауыр жаралаған.

  • 9 Маусым 2011
  • 496
Фото - Caravan.kz


Жабайы жануарлар алдымен қаладағы базарлардың біріне кіріп, сауда орнын ойрандады. Кейін қала көшелеріндегі  адамдар мен сиырларға тап берген. Сиырды құдай санайтын Үндістанда Зеңгі баба тұқымы еркін жүретін. Екі піл үркуді білмейтін осы төрт түліктің он шақтысын таптап кетті. Құтырған жануарларды тоқтатпақ болған жергілікті тұрғындардың бірі де оңбай жаңылды.  Төрт  тонналық пілдің астында  қалған жігіт бірден жан тапсырған. Мұнымен тоқтамаған жануарлар тағы бірнеше тұрғынды ауыр жаралады. Ақыр аяғы құтырған пілдерді тәртіп сақшылары атып тынды.  

Соңғы жаңалықтар