Жарияланды: 380

Үндістанда жер дауының арты қанды қырғынға ұласты

Үндістанда жер дауының арты қанды қырғынға ұласты. Ассам штатының Гувахати қаласында жерге заңсыз орналасып алған тұрғындарды қуамыз деген билік қарулы қақтығысқа тап болды.

Жағымсыз хабарды естіген жергілікті тұрғындар бірден әкімшілік ғимаратына қарай бет алған. Алайда полиция қызметкерлері оларды орталыққа қарай жібермей, жұртқа қарсы оқ атыпты. Наразы топ та қарап қалмаған. Қақтығыс кезінде 4 адам қаза тауып, 50-ге тартасы жараланған. Жапа шеккендер арасында балалар мен әйелдер көп. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін