Жағымсыз хабарды естіген жергілікті тұрғындар бірден әкімшілік ғимаратына қарай бет алған. Алайда полиция қызметкерлері оларды орталыққа қарай жібермей, жұртқа қарсы оқ атыпты. Наразы топ та қарап қалмаған. Қақтығыс кезінде 4 адам қаза тауып, 50-ге тартасы жараланған. Жапа шеккендер арасында балалар мен әйелдер көп.