Универсиада-2017 нысандары құрылысында 4200 жұмыс орны ашылды - Бауыржан Байбек - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Универсиада-2017 нысандары құрылысында 4200 жұмыс орны ашылды - Бауыржан Байбек

Универсиада-2017 нысандары құрылысында 4200 жұмыс орны ашылды - Бауыржан Байбек

Алматыда Ұйымдастырушы комитеттің төрайымы Дариға Назарбаеваның қатысуымен 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы дайындау және өткізу бойынша осы Ұйымдастырушы комитеттің отырысы өтті. 

  • 20 Тамыз 2016
  • 524
Фото - Caravan.kz

Отырыс барысында Универсиаданы дайындау мәселелері қаралды.

«Елбасының қолдауының арқасында үш алып нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып келеді. 12 мың орынды Мұз сарайы және Атлетикалық қалашық — 94 пайызға дайын және қыркүйек айына қарай жабдықтау жұмыстары толығымен аяқталады. Медеу ауданында орналасқан 3 мың орынды Мұз аренасы — 90 пайызға әзір», — деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, ол Универсиаданың мұрасы туралы да әңгімеледі.

Мысалы, Универсиада жарыстарынан кейін де барлық нысандар толыққанды жұмыс істейтін болады. Соңғы 8 жыл ішінде Алатау ауданының дамуына 200 млрд. теңге жұмсалған. 

Универсиада-2017 — бюджеті айрықша үнемделген жарыс ретінде тарихта қалатын болды. Бұған дейін Универсиада бюджетінің қысқартылғаны туралы айтылған болатын. Сонымен, қазіргі таңда Универсиада бюджеті — 47 млн. еуроны құрайды. 

Естеріңізге сала кетелік, Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиада ойындары Алматыда 2017 жылы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өткізіледі. Жарысқа 55-тен астам елден 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Бәсекелер 12 спорт түрі бойынша 8 нысанда өткізіледі. Барлығы 543 медаль сарапқа салынады. Бұл дүбірлі доданы ұйымдастыруға 3 мың волонтер жұмылдырылған және қалаға 30 мың отандық және шетелдік қонақтар келеді деп күтілуде.


Универсиада нысандары құрылысында 4200 жұмыс орны ашылды және қазақстандық мазмұн — 60 пайызды құрады.