ҰҚКҰ елдерінің Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары Грозныйда көшпелі отырыс өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚКҰ елдерінің Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары Грозныйда көшпелі отырыс өткізеді

ҰҚКҰ елдерінің Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары Грозныйда көшпелі отырыс өткізеді

Тәжік-ауған шекарасын күшейту және заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселелерін Шешенстан астанасында ҰҚКҰ елдерінің қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің көшпелі отырысына қатысушылар талқылайды, деп хабарлады Ұйымның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов.

  • 23 Сәуiр 2014
  • 493
Фото - Caravan.kz

"23 сәуір күні ҰҚКҰ елдерінің қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары Грозныйда көшпелі отырыс өткізеді, оған РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев төрағалық етпек. Отырыста Ұйым жауапты аумақтағы жағдай туралы ҰҚКҰ бас хатшысы Николай Бордюжа баяндама жасайды", деді В.Зайнетдинов.

Оның айтуынша, отырысқа қатысушылар "Тәжік-ауған шекарасын күшейту жөнінде Тәжікстан Республикасына көмек көрсету туралы" ҰҚКҰ шешімдерін Ұйымға қатысушы елдердің орындауы барысын талқылайды.

Сонымен қатар, В.Зайнетдиновтың айтуына қарағанда, ҰҚКҰ елдерінің төтенше жағдайларды жылдам елеу жүйесін дамыту мәселелеріне қатысты құжаттарына қол қойылмақ.