Уран өндіру көрсеткіштері жоспардан тыс артуда - Қазатомөнеркәсіп - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Уран өндіру көрсеткіштері жоспардан тыс артуда - Қазатомөнеркәсіп

Уран өндіру көрсеткіштері жоспардан тыс артуда - Қазатомөнеркәсіп

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2014 жылғы I тоқсандағы қызметінің қорытындысы бойынша Қазақстанда 5,38 мың тонна көлемінде уран өндірді. Бұл жоспарлық көрсеткіштерден 2%-ға артық. Бұл туралы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы хабарлады. 

  • 29 Сәуiр 2014
  • 605
Фото - Caravan.kz


«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес және бағынышты кәсіпорындардағы үлесін қоса есептегенде 2014 жылдың I тоқсанында 2,98 мың тонна уран өндірді.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ның жалпы өндірістік көрсеткіштері жоспардағымен толық сәйкес келеді. 2014 жылдың I тоқсанында 411,8 тонна бериллий өнімдері, 23,1 тонна тантал өнімдері өндірілді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ даму бағдарламасына сәйкес, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында компания қызметінің басым стратегиялық бағыттары саналатын конверсия, байыту және ядролық отын өндіру салаларындағы жұмыстарын жалғастырды.

«Astana Solar» ЖШС 2014 жылдың өткен үш ай ішінде 2,1 МВт энергияға тең болатын 9 011 панель шығарды.
Осылайша «Astana Solar» ЖШС шығаратын өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық кешенді іс-шаралардан өткен, ТМД аумағындағы фотоэлектрлік модульдер жасайтын жалғыз кәсіпорын болып отыр.