Осы жолы Сыр өңіріннің сахнасына пианист Тимур Орманшеевпен бірге қазақ операның жас жұлдыздары — Мейір Баяшев пен Сүйіндік Байғожин шықты. Бірі тенор, енді бірі баритон дауысты әншілер өнеріне жұрттың тәнтті болғаны сонша, тоқтаусыз қол соғылып жатты. Әйгілі музыканттардың қызылордалықтарға сыйы мұнымен шектелген жоқ. Шараның жалғасы ретінде Қазанқап атындағы өнер колледжінің жастармен арнайы кездесу ұйымдастырылып, хас шеберлер мастер-класс өткізді. Жалпы «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасына мұрындық болған «Дегдар» қайырымдылық қоры.