БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, осы жол-көлік оқиғасына ұшырағын жәбірленушілердің үшеуі де сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартып, А.Бірәлиевке қоятын талаптары жоқ екенін айтқан. Сол себепті А.Бірәлиев ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 467-бабы 3-бөлімі (көлікті мас күйінде басқару және жол-көлік оқиғасын жасау) және 469-бабы (жол-көлік оқиғасы орнын тастап кету) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Еске сала кетейік, А.Бірәлиев 6 сәуір күні «Тойота Камри» автомашинасын мас күйінде айдап, үш бірдей адамды қағып кеткен болатын. Содан кейін ол «Нұр Отан» партиясы қатарынан шығарылып, қызметімен де қош айтысқан еді.