Үш күн бұрын шұңқырға түсіп кеткен ақтөбелік табылмай жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үш күн бұрын шұңқырға түсіп кеткен ақтөбелік табылмай жатыр

Үш күн бұрын шұңқырға түсіп кеткен ақтөбелік табылмай жатыр

 

  • 12 Қараша 2018
  • 191
Фото - Caravan.kz

Ақтөбеде ұялы телефон арқылы қоңырау шалып, көмек сұраған 54 жастағы ер адам табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Ақтөбеліктер үш күннен бері 54 жастағы Кенжебай Алдашевті іздестіріп жатыр. Ол 10 қараша күні сағат 04:56-да төтенше жағдайлар қызметіне телефон шалып, өзінің шұңқырға құлап кеткенін, күші сарқылып, шыға алмай жатқанан айтқан. Содан бері іздеу жұмыстары жүріп жатыр, бірақ нәжижесіз. «Төтенше жағдайлар департаменті қоңырау шалған жерді анықтау үшін «КарТел» ЖШС-на сұраныс жіберіп, ақпарат алды. Жоғалған тұрғынның Ақтөбе қаласы, Ақжар ауылы маңынан хабарласқаны анықталды. Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінен 4 адам, 2 техника, 2 кинолог және квадрокоптер жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарына еріктілер де шықты. Бірақ әзірге ол адам табылмады», — деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.

Ал 11 қараша күні 54 жастағы К.Алдашевтің байланыс телефоны қайта қаралып, енді Ақшат ауылы маңында жүргені белгілі болды. Сол кезде екі топ іздеуге шықты. Бірінші топта 6 құтқарушы, 1 техника және 1 квадракоптер болса, екінші топқа 7 құтқарушы, 2 кинолог, 1 техника берілді. Бірі Ақшат, екіншісі Ақжар ауылы маңында іздеу жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылар мен еріктілер қараңғы түскенше іздеуді жалғастырды, бірақ жоғалған адам табылмады.


Айта кетейік, бүгін іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір төтенше жағдайлар қызметінен 10 адам, 2 кинолог, квадрокоптермен арнайы техника ауыл маңын тінтуге көшті.

 

Соңғы жаңалықтар