«Олар бір түн ішінде бес рет көлік тонаған. Барлығында да күдіктілер көліктердің терезелерін сындырып отырған. Қызығы, кейін анықталғандай, көліктердің ешқайсысы да күзет жүйесімен жабдықталмаған», — деп хабарлады Алматы қалалық ІІД патрульдік полиция полкінің командирі полиция полковнигі Қанат Шалқыбаев.
Атап айтқанда, кешкі сағат он шамасында күдіктілер Бұқар жырау бульварындағы дәмхана маңына қойылған «Тойота Лэнд Крузер» көлігінің терезесін сындырып, ноутбукты ұрлап әкеткен. Сол жерде олар тағы да «Хонда» автокөлігінен сөмке және қымбат автомагнитола ұрлап кеткен.
Белгілі болғандай, тұтқындалғандардың екеуі қаланың орта мектептерінің сегізінші сынып оқушылары екен. Ал үшіншісі еш жерде оқымайды.
Тергеу барысында полиция қызметкерлері машина салондарынан ұрланған зат көлемі 800 мың теңгені құрайтынын анықтады. Заттай айғақтарды (қалта телефондары, автомагнитола және ноутбук) полиция қызметкерлері тұтқындалғандардың пәтерлерінен тауып, тәркіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті