Жарияланды: 100

"Ұят емес" деп ұрандатқан КешYou-дің жаңа клипі сынға ұшырады (видео)

"Ұят емес" деп ұрандатқан КешYou-дің жаңа клипі сынға ұшырады (видео)

Баян Алагөзова 12 жылдық тарихы бар КешYou тобының құрамын қайта жаңартты. Гелзбендте енді Наргиз, Балауса, Ләззат сынды жас қыздар ән салады.

Продюсерлерінің айтуынша, бұл құрам бұрынғылардан өзгерек болмақ. Ең бірінші ерекшелік – қыздар тек қана жанды дауыста ән салады, деп жазады Stan.kz.

Алайда топтың алғашқы клипін көрген тыңдармандар бұған күмәнмен қарап, аса жағымды пікір білдіре қоймады. Оған қыздардың алғашқы жұмысының рэп стилінде болуы әсер етсе керек.

Жаңа КешYou-дің алғашқы бейнебаяны “Ұят емес” деп аталады.

“Онша емес, бір нәрсені қайталай береді, вокалдары да керемет емес, жай ғана оқып тұр”, “Өкінішті, бұдан сапалы нәрсе күтіп едім”, “Бейнебаянды көріп болған соң қыздардың түрін ұмытып қалдым. Бір-біріне ұқсас”, “Аяғына дейін көруге жүйкем шыдамады”, “Баян жаңа құрам болады, жаңа формат, қыздар талантты деп көп уәде беріп еді. мүмкін солай да шығар. Бірақ мына қыздар мүлде қызықтырып тұрған жоқ. Бұлардың кім екенін де білуге ниет жоқ”, – деп сынады тыңдармандар.

Ал Баян Мақсатқызы үнемі тыңдарман сұранысына сай жұмыс істейтінін айтады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін