Жарияланды: 430

Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері Бішкекте өтетін кеңесте ұйымның іс-қызметін реттейтін құжаттар топтамасын мақұлдауды көздеп отыр

19-қарашада Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді.

Алдағы кеңес барысында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей сыртқы істер министрлері ұйымның ішкі іс-қызметін реттейтін құжаттарды қарап мақұлдауды көздеп отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Тәжікстан сыртқы істер министрлігінен хабарлады. Мәселен, онда ұйымға жаңа мүшелер қабылдау және одан шығу шарттары туралы тәртіп қаралады. Сыртқы істер министрлерінің талқысынан өткеннен кейін бұл құжаттарда көрініс тапқан мәселелер ұйымға мүше елдердің президенттерінің қатысуымен өтетін Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының кезекті сессиясының қарауына ұсынылады. Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымның іс-қызметін реттейтін құжаттар топтамасы іс жүзінде бұған дейін келісілген, ендігі жерде олар сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің кеңесінде талқыланады деп күтілуде. Қорғаныс мекемелері басшыларының кеңесі желтоқсан айының басында Мәскеуде өтеді. Сондай-ақ, қауіпсіздік кеңесі хатшыларының сессиясы да желтоқсан айының алғашқы онкүндігіне белгіленді. Сондай-ақ, сыртқы істер министрлерінің кеңесінде ұйымның 2004-жылға арналған бюджетінің жобасы келісіліп, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Душанбеде өткен сессиясы шешімдерін жүзеге асыру мәселесі қаралады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін