«Соңғы кездері Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан, Армения, Ресейде болған төтенше жағдайлар тізбегі Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында бірлесіп табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны болдырмаудың жолын қарастыру бойынша жұмыстардың белсенділігін арттыру қажеттігін дәлелдеп отыр. Бізге Тәжікстандағы секілді жағдайлардан неғұрлым аз шығындармен шығуға мүмкіндік беретін ұжымдық әлеует құруымыз керек», — деп мәлімдеді Н. Бордюжа.
Оның айтуынша, тиімді жүйе жасау бойынша ұжымдық күш-жігер тек төтенше жағдайлардың салдарын жоюға ғана емес, сондай-ақ, оның алдын алу, оған мониторинг жасауда да қажет. Сондықтан, Ұйым аясында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оның салдарын жою саласында мүше мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволарының қызметін үйлестіру механизмін құруға аса үлкен мән беріледі. «2007 жылдың қазан айында ұйым саммитінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы шешім қабылдаған біздің мемлекеттердің басшылары да бізді осыған жетелеп отыр», — деп атап көрсетті Н. Бордюжа.
«Күш-жігерді үйлестіру көптеген салалар бойынша жүруі қажет. Олар: құтқарушылар бөлімшелерін техникалық жарақтандыру, жаңа құтқару құралдарын бірлесіп жасау, кадр дайындау, көмек көрсету үшін құтқару бөлімшелерін, қажетті техниканы, жүкті шекарадан жедел арада өткізуге мүмкіндік беретін мемлекетаралық құқықтық актілерді шығару және да басқа бірқатар салалар», — деп толықтырды Ұйымның бас хатшысы.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, шараға Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның тиісті ведомстволарының басшылары қатысады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті