Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Еуроодақ заңсыз көші-қонға тосқауыл қою ісінде ынтымақтасуға ниет танытып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Еуроодақ заңсыз көші-қонға тосқауыл қою ісінде ынтымақтасуға ниет танытып отыр

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Еуроодақ заңсыз көші-қонға тосқауыл қою ісінде ынтымақтасуға ниет танытып отыр

Мәскеу. 29-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Еуроодақ заңсыз көші-қонға тосқауыл қою ісінде ынтымақтасуға ниет танытып отыр. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының хатшылығында заңсыз көші-қонға тосқауыл қою бойынша екі аймақтық ұйымның күш-жігерін біріктіру мәселесі бойынша Еуропа қоғамдастығы комиссиясының өкілдерімен өткен кеңесте осы мәселе жөнінде сөз болды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Ақпан 2008
  • 524
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кездесу барысында заңсыз миграцияға тосқауыл қоюдың бірлескен технологиялық тізбегін құру мәселесі көтерілді.

«Бүгінгі таңда заңсыз миграцияға тіпті бір аймақтық ұйым шеңберінде тосқауыл қою мүмкін емес. Өйткені, заңсыз көші-қон бір аймақта пайда болып, екінші аймақты төтелей өтіп, үшінші аймаққа жетуді көздейді. Бұл объективті түрде күш-жігерді бірлестіруге итермелейді», — деп атап көрсетті шара барысында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы хатшылығының қауіп-қатерлерге тосқауыл қою басқармасының бастығы Вячеслав Волох.

Осыған байланысты Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Еуропаның көптеген мигранттардың жетуді мұрат тұтқан жері болғаны ұшін Еуроодаққа заңсыз көші-қонға тосқауыл қою саласында, атап айтқанда, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымында үнемі жүргізіліп отыратын «Нелегал» операциясы аясында белсенді өзара ықпалдастық орнатуды ұсынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті