Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы ЕҚЫҰ 15- отырысына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының  бас хатшысы ЕҚЫҰ 15- отырысына қатысады

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы ЕҚЫҰ 15- отырысына қатысады

Мәскеу. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа ЕҚЫҰ-ның 29-30 қарашада Мадридте өтетін 15-отырысына қатысады. Бұл туралы агенттікке, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының хатшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 27 Қараша 2007
  • 452
Фото - Caravan.kz

Испанияға ұшар алдында Н. Бордюжа » Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер ЕҚЫҰ-ның аумақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінде байыпты серіктес ретінде қарастыруда», — деп мәлімдеді.

«Соңғы уақытта біздер екі жақты мүдделерге сай келетін салаларынында сенімділік және ашықтыққа бағыттайтын жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарға көштік. Біріншіден, бұл ауған есірткі тасымалына қарсы күрес. Біз сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен ЕҚЫҰ лаңкестікке қарсы бөлімшелерімен қатынастардың кеңейтілуіне баланысты қанағаттанып отырмыз. Талас-тартыстардың алдын алу мәселелері бойынша, екі ұйымның арасындағы қатынастардың жандануы болашақта жемісін беретін болады», — деп атап өтті бас хатшы.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы хатшылығының баспасөз қызметі хабарлағанындай, Н. Бордюжа ЕҚЫҰ-ның 15-ші министрлер кездесуі ұйымдардың дамуына жаңа реңк беріп, «Еуропа мен әлемдегі тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа құралдардың пайда болуына септігін тигізетінін» атап өтті. Сондай-ақ, бас хатшы ұйымның құзырына кіретін барлық мәселелер бойынша ЕҚЫҰ ұйымымен етене жақын жұмыс істеуге дайын екендіктерін айтты.

Мадридтегі пленарлық отырысы алдында өткен ЕҚЫҰ мүше — мемлекеттерінің сыртқы істер министрлер кеңесінде ЕҚЫҰ министрлер кеңесінің күн тәртібі мен оның жалпы қызметі бойынша мәселе талқыланды. Сондай-ақ Н.Бордюжа мен ЕҚЫҰ бас хатшысы Марк Перрин де Бришамбомен кездесуі жоспарланды, деп хабарлайды баспасөз қызметі .


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті