Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Қазақстанның ұжымдық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға қосқан үлесін атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Қазақстанның ұжымдық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға қосқан үлесін атап өтті

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Қазақстанның ұжымдық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға қосқан үлесін атап өтті

Алматы. 26 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа Қазақстанның ұжымдық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға қосқан үлесін атап өтті. Ұйымның бас хатшысының Қазақстанның қорғаныс министрі Даниал Ахметовпен кездесуінде осы мәселе көтерілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 26 Наурыз 2008
  • 459
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кездесу барысында Н. Бордюжа мен Д. Ахметов Ұйымның жауапкершілік аймағындағы жағдай жөнінде және ұйым шеңберінде әскери ынтымақтастықтың даму болашағы туралы пікір алмасты. Сонымен бірге, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының өзге өңірлік қауіпсіздік ұйымдарымен, оның ішінде Солтүстік Атлантикалық альянспен қарым-қатынас мәселелері талқыланды.

Ұйымның бас хатшысы Қазақстанның қорғаныс министрін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының шеңберінде әскери ынтымақтастықты жетілдіру жоспары туралы құлағдар етті және ұжымдық қауіпсіздік жүйесін нығайтудағы Қазақстан Республикасының айрықша қосқан үлесін атап көрсетті.

Д. Ахметов Қазақстанның тек экономика саласында ғана емес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында да, соның ішінде ең алдымен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында терең ынтымақтастықты көздейтінін атап көрсетті. Д. Ахметовтың айтуынша, бұл «дүниенің беймаралдықтан ада» екендігіне байланысты туындаған.

Кездесу Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жарғылық органдарының, атап айтқанда, қорғаныс және сыртқы істер министрлерінің кеңесінің, қауіпсіздік кеңестері хатшыларының комитетінің үстіміздегі жылдың екінші тоқсанына жоспарланған отырысына дайындыққа байланысты Н. Бордюжаның Қазақстанға жасаған жұмыс сапары барысында жүзеге асқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті