Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының тұрақты кеңесі есірткі заттарының заңсыз айналымына тосқауыл қою жоспарын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының тұрақты кеңесі есірткі заттарының заңсыз айналымына тосқауыл қою жоспарын мақұлдады

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының тұрақты кеңесі есірткі заттарының заңсыз айналымына тосқауыл қою жоспарын мақұлдады

Мәскеу. 30-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жанындағы тұрақты кеңес жиналысында 2008 - 2011 жылдарға арналған есірткі заттарының заңсыз айналымына ұжымдық тосқауыл қою бойынша ұйымға мүше мемлекеттер жоспарының жобасы мақұлданды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымының хатшылығы хабарлады.

  • 30 Қаңтар 2008
  • 467
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Ұйым жанындағы өкілетті өкілдер іс-шаралар жоспарының жобасымен келісіп, оны ұйымның жарғылық органдарының қарауына жәберу туралы шешім қабылдаған.

Баспасөз қызметінде хабарлағандай, құжат есірткі заттарының тасымалы саласындағы Ұйымға мүше мемлекеттердің заңнамаларын сәйкестендіру ісін жалғастыруды, бірлескен жедел-іздестіру шараларын жүргізуді реттейтін мемлекет аралық құқықтық актіні жасау мүмкіндігін қарастыруды, ұйымға мүше мемлекеттердің өзге де халықаралық құрылымдармен өзара ықпалдасуы бойынша келісілген тұғырнаманы жасап шығаруды көздейді.

Бірлескен іс-әрекеттер саласында Ұйымға мүше мемлекеттерде есірткі бизнесінің шикізат қорын жоюға және есірткі заттарының заңды айналымнан жоғалып кетуінің жолын кесуге, сондай-ақ, синтетикалық есірткілердің таралуымен күресуге бағытталған ұлттық жедел-іздестіру операцияларын бірлескен түрде өткізу туралы мәселені қарастыру ұсынылған.

Сонымен бірге, есірткі қылмысының және есірткіден түскен табысты заңдастырудың экономикалық негіздерінің тамырына балта шабуға бағытталған үйлестірілген шаралар кешенін құру қарастырылған.

Сонымен қатар, кадрлерді дайындау және қайта дайындау саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру және Ұйым аясында есірткі саудасының жағдайын сараптамадан өткізу және болжам жасау жүйесін құру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Ауғанстанның сыртынан есірткіге қарсы «қауіпсіздік шеңберін» құруды жалғастыру жоспарланып отыр.

Жоспар Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы әрекет ету бойынша өкілетті органдарының басшыларының Үйлестіру кеңесінің шешіміне сәйкес жасалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті